Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыдағы LRT: басты сұрақтардың жауабы

0

Алматыда LRT қашан іске қосылады, қанша аялдама болады, пойыздар қаншалықты жиі қатынайды және жолға қанша уақыт кетеді? Tengrinews.kz осы және өзге де сұрақтардың жауабын қалалық жол инфрақұрылымын дамыту басқармасынан білді.
LRT қай жерден өтеді және қанша аялдама болады?
LRT-ның бірінші желісі 18,3 шақырымға созылады. Ол Бауыржан Момышұлы және Төле би көшелері бойымен өтіп, одан әрі Абылай хан даңғылы арқылы "Алматы-2" теміржол вокзалына дейін барады.
Бағыт бойында 24 аялдама болады. Платформалар жолдың ортасында орналасады, ал жолаушылар оған жаяу жүргінші өткелдері арқылы өте алады.
"Аялдама кешендері арал үлгісінде болады, оларға қолжетімділік реттелетін және реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдері арқылы жүзеге асырылады", – деп хабарлады басқармаү
Жол жүру уақыты
Басқарма мәліметінше, бір соңғы аялдамадан екіншісіне дейінгі 50-60 минут уақытты алады. Пойыздардың орташа жылдамдығы сағатына шамамен 30 шақырым болады.

"Құрамдар қозғалысының жобалық аралығы 5-7 минут, жолаушыларды мінгізіп, түсіру шамамен 30 секунд болады. Осы кезеңде жылжымалы құрамды жылдам қуаттау жүзеге асырылады", – деп нақтылады мекеме өкілдері.

Бұл ретте көшелер қиылысындағы, сондай-ақ автокөлік жолынан бордюрмен бөлінбейтін Абылай хан даңғылында жағдайға байланысты жол жүру уақыты ұзаруы мүмкін.
Пойыздар аялдамада қуатталады
Ол үшін желі бойында 15 трансформаторлық қосалқы станция салынады. Басқарма мәліметінше, құрам бір рет қуатталғаннан кейін 10 шақырымға дейін жүре алады. Сондықтан, бірнеше аялдамадағы қуаттау құрылғысы істен шыққан күннің өзінде, пойыз келесі жұмыс істеп тұрған қуаттау станциясына дейін жете алады.
LRT бағдаршамда басымдыққа ие бола ма?
Иә. Басқарма мәліметінше, көшелер қиылысында пойызға басымдық беретін жүйе орнатылады.
LRT бағдаршамға жақындағанда, жүйе құрам жылдам өтуі үшін оның жұмысын реттейді. Бірақ жасыл түс бірден қосылмайды.

"Бұл ретте автокөліктер қозғалысын қауіпсіз аяқтап, жаяу жүргіншілер өту үшін қажетті аралық сақталады. LRT қозғалысының басымдыққа ие болуы бағдаршам бірден жасыл түске ауысатынын білдірмейді", – деп түсіндірді басқарма өкілдері.

LRT-ны автокөлік жолынан қалай бөледі?
Момышұлы және Төле би көшелерінде желі автокөлік жолынан бордюрмен бөлінеді. Көше қиылыстарында бөлгіш болмайды.
Ал Абылай хан даңғылында Төле би көшесінен "Алматы-2" вокзалына дейінгі аралықта рельстер бордюрсіз, жолмен бір деңгейде төселеді.
Пойыздар бұрынғы трамвайлар сияқты шулай ма?
Басқарма шу мен тербелісті азайтуға уәде беріп отыр. Мекеме басты жайттарға тоқталды.

"Шу мен дірілжі азайту үшін рельсті жіксіз алюминотермитті дәнекерлеу технологиясын қолдану қарастырылған, мұнда дәнекерленген секциялар ұзындығы 400 метр болады. Әрбір 400 метр сайын қоршаған орта температурасына байланысты рельстің кеңеюі мен сығылуын өтеуге арналған температуралық компенсаторлар орнатылады. Сонымен қатар шу мен дірілді азайту үшін рельс пен бетон плита арасында рельстің екі жағынан резеңке тығыздағыш, сондай-ақ темірбетон шпалдардағы рельс астына резеңке төсем қарастырылған", – деп хабарлады басқарма.

Мекеме мұндай технологиялар бұрынғы трамвайларда болған тарсылдан құтылуға көмектесетінін атап өтті.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Алматыдағы LRT-ға пойыздарды кім шығарады?
Алматыдағы LRT-ға пойыздарды қытайлық CRRC компаниясы жеткізеді. Басқарма өндіріс басталып кеткенін хабарлады.
Бірінші желіге 25 пойыз сатып алынады. Әрқайсысы бес секциядан тұрып, 283 жолаушыны сыйдыра алады.

"Жылжымалы құрам 2027 жылғы жазда жеткізіле бастайды", – деп хабарлады басқарма.

Анықтама: CRRC - теміржол көлігін шығаратын әлемдегі ең ірі өндірушілердің бірі. Бейжіңде орналасқан компания жүрдек пойыздарды, локомотивтерді, метро вагондары мен трамвайларды шығарады.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
LRT қанша жолаушы тасымалдай алады?
Басқарма есебі бойынша, әр бес минут сайын әр бағытта бір пойыз жүре алады. Бұл бір бағытта сағатына 12 құрам және екі бағытта 24 құрам деген сөз.
Толық жүктеме кезінде LRT сағатына 6792 жолаушыға дейін тасымалдай алады.

"Желінің тәулігіне 15 сағаттық шартты жұмыс режимінде есептік көрсеткіш тәулігіне 101 880 жолаушы болады. Бұл ретте LRT-ның нақты жұмыс кестесі мен тәулігіне пайдалану режимі қосымша бекітіледі. Бұл көрсеткіштер есептік және құрамдардың толық жүктемесі кезіндегі әлеуетті өткізу қабілетін көрсетеді", – деп хабарлады мекеме өкілдері.

Фото: Алматы әкімдігі
LRT-ның қанша бөлігі салынды және ол қашан іске қосылады?
Басқарма құрылыс кесте бойынша жүріп жатқанын хабарлады. Қазір мердігерлер инженерлік желілерді көшіру бойынша жоспарланған 270 жұмыстың 167-сін орындады. Бұдан бөлек құрылысшылар 3550 метр рельс жолын төседі.
Алатау ауданының индустриялық аймағында болашақ депоға 19 гектар жер дайындалды. Қазір ол жерде топырақ тегістеліп жатыр.
"Қазір аумақта депо нысандарын салуға жер телімін тегістеуді қоса алғанда, жер жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады басқарма.
Бірінші желі құрылысын 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Басқарма нақты күнін атамады.
10 жыл жоспарда болды: Алматыдағы LRT жобасы қалай өзгерді?
Алматыдағы LRT тарихы ұзақ жылға созылып келеді. 2017 жылы Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек жоба 123 миллиард теңгеге бағаланғанын айтқан болатын. 2018 жылы билік өкілдері LRT үшін Төле би көшесіндегі бұрынғы трамвай желісін пайдалану жоспарланып отырғанын хабарлады, ал 2019 жылы құрылысты 2023 жылға қарай аяқтау көзделген.
Кейін жоспар кейінге шегерілді. 2020 жылы экс-әкім Бақытжан Сағынтаев қаржыландыру мәселесі туралы айтты. Ол бір жылдан кейін тек құрылыс-монтаж жұмыстарын шамамен 300 миллион долларға, ал бүкіл жобаны бір миллиард долларға бағалады.
2022 жылы тағы бір экс-қала басшысы Ерболат Досаев LRT-нің алдағы тағдырын айқындауға уәде берді, ал 2024 жылы әкімдік жаңа техникалық-экономикалық негіздемеге тапсырыс берді.
Қарқынды жұмыс 2026 жылы ғана басталды. Мамырда Төле би көшесіндегі ескі трамвай рельстері бөлшектеле бастады. Шілдеде Tengrinews.kz құрылыстың бірінші кезеңіне 61,4 миллиард теңге қарастырылғанын жазды.
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Фото © Tengrinews.kz / Ақбота Сіләм
Бастапқыда құрылысты 2027 жылғы сәуірден 2029 жылғы сәуірге дейін жүргізу жоспарланған. Кейін жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы желіні 2027 жылдың аяғына қарай іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.
Қыркүйекте Бауыржан Момышұлы көшесінде алғашқы шпалдар мен рельстер төселе бастады.
Тағы оқыңыз: Алматыда үш жаңа метро станциясының құрылысы басталды: олар қашан ашылады?













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *