Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Түркістан облысында әкімдік Land Rover көлігін сатуға шығарды

0

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі өкілдік санаттағы жол талғамайтын Land Rover Range Rover көлігі сатылатынын жариялады. Лот туралы ақпарат электрон сауда порталында пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Көлік туралы не белгілі?

Ақ түсті көлік 2013 жылы шыққан, қозғалтқыш көлемі - 5 литр (5 000 текше сантиметр). Көлік 681BI13 мемлекеттік нөмірімен тіркелген. Қолда бар мәліметке сәйкес көлікке тыйым салынбаған, ауыртпалықтар мен өзге де шектеулер жоқ.

Саудаға шығарылған Land Rover. e-Qazyna.kz порталынан алынған мәлімет

Жол талғамайтын көлік аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты "Түлкібас көрікті ел" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде. Көлік аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында тұр.

Саудаға шығарылған Land Rover. e-Qazyna.kz порталынан алынған мәлімет

Сауда-саттықтың бастапқы бағасы - 52 440 000 теңге. Сауда 4 желтоқсанда сағат 10:00-де бағаны төмендету әдісімен өткізіледі деп жоспарланған.

Land Rover-дің нақты құны қанша?

2024 жылғы 17 қыркүйектегі бағалау есебіне сәйкес көліктің құны - 17 480 000 теңге. Бұл саудадағы бастапқы бағадан шамамен үш есе аз.

Айта кетейік, құжаттарда көлік әкімдік теңгеріміне қалай өткені көрсетілмеген. Мән-жайды анықтау мақсатында Tengrinews.kz әкімдікке ресми сауал жолдады.

Бұған дейін блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновадан тәркіленген сегіз Hyundai Elantra көлігі Бас прокуратура жанындағы ведомствоға берілгенін жазған едік. Толығырақ осы жерден оқи аласыздар.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *