Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30

Қыста көктайғақта толық жетекті көлікті қалай тежеуге болады? Сарапшы түсіндірді

0

Қыс мезгілінде толық жетекті (полный привод) көлік жүргізушілеріне қар мен мұзда көлікті басқару оңайырақ болып көрінуі мүмкін. Алайда толық жетек тежеу кезінде емес, ең алдымен жылдамдық алу кезінде ғана көмектеседі. Тайғақ жолда дер кезінде баяулау ғана емес, сонымен қатар көлік тұрақтылығын жоғалта бастаған жағдайда дұрыс әрекет ету де маңызды.
Tengri Auto автошабандоз Александр Артемьевпен қыста толық жетекті көлікте қалай тежеу керектігі және тайғанау кезінде не істеу қажеттігі туралы сөйлесті.
Қыста толық жетекті көлік өзін қалай ұстайды?
Александр Артемьевтің айтуынша, толық жетек көліктің тайғақ жолда сенімдірек жылдамдық алуына септігін тигізеді. Бірақ соның салдарынан жүргізуші шинаның жолмен ілінісу мүмкіндігін асыра бағалап жіберуі мүмкін.
Анықтама: Александр Артемьев - қазақстандық автошабандоз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері және автоспорттан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы. Сақиналы жарыстар мен төзімділік жарыстары бойынша халықаралық додаларда бақ сынаған. Оның қоржынында 2019 жылғы "24 сағаттық Барселона" марафонындағы екінші орын, 2022 жылғы "24 сағаттық Дубайдағы" бесінші орын және 2023 жылғы Ле-Ман трассасындағы Porsche Carrera Cup жарысына қатысу тәжірибесі бар.
Көлік орнынан дөңгелегі тайқымай қозғалады, бірақ дәл сол учаскеде тежеу кезінде толық тоқтау үшін әлдеқайда ұзақ қашықтық қажет болуы мүмкін.

"Бұл әсіресе ауыр электрмобильдерде қатты байқалады. Олар қар мен мұзда жақсы қозғалуы мүмкін, бірақ бұл ретте тежеу жолы ұзақ болады", - деп түсіндірді шабандоз.

Сондай-ақ ол рекуперация жүйесі бар электрмобильдердің ерекшеліктеріне де назар аударды. Рекуперация деңгейі жоғары болса, тайғақ жолдағы бұрылыста акселератор педалін кенет жіберу көлік тұрақтылығының жоғалуына әкеп соғуы мүмкін.

"Егер тайғақ жолдағы бұрылыста газ педалін кенет жіберсеңіз, көлік сырғанай бастауы мүмкін. Сондықтан қыста педальдармен баяу жұмыс істеу, сапалы қысқы шиналарды қолдану және жол жағдайына байланысты қозғалыс режимін таңдау маңызды", - деп атап өтті Артемьев.

Сарапшы тайғақ жолда негізінен бұрылысқа кіргенге дейін, түзу бағытта тежеуге кеңес береді. Рөлді бұрумен қатар кенет тежеу, тіпті тұрақтандыру жүйесі жұмыс істеп тұрса да, көліктің сырғанауына немесе айналып кетуіне соқтыруы мүмкін.
Егер көлік бәрібір сырғанап кетсе, одан арғы әрекеттер тұрақтылықтың жоғалу себебіне байланысты болады. Қазіргі заманғы көліктердегі тұрақтандыру жүйесі, әдетте, көлікті траекторияға қайтаруға көмектеседі.

"Егер жылдамдық алу кезінде толық жетекті көліктің артқы жағы бір жаққа қарай қисайса, газды басуды ақырындап бәсеңдетіп, рөлді көліктің артқы жағы ауытқыған бағытқа қарай бұру керек", - деп кеңес берді шабандоз.

Жүргізушілердің қыста есте сақтауы тиіс басты нәрсе: толық жетек орнынан қозғалуға көмектеседі, бірақ көлікті тайғақ жолда кез келген қауіптен қорғамайды. Сондықтан қашықтықты сақтау, алдын ала тежеу және рөл мен педальдарды кенет қозғалтпау маңызды.
Тағы оқыңыз: Көктайғақ салдарынан көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, жол апаты болса, кім кінәлі?













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *