Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30

Бес адам қаза тапты, ішінде бала бар: полиция Алматыдағы өртті тергеп жатыр

0

Алматы полициясы бес адамның, соның ішінде кәмелетке толмаған баланың өмірін қиған өрт бойынша тергеуді бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Өрттің шығу себебі мен адамдардың өлімінің мән-жайы анықталады", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бостандық ауданындағы өрт туралы хабарлама сағат 03:44-те түскен. Төтенше жағдайлар департаментінің алғашқы бөлімшесі оқиға орнына төрт минуттан кейін жетті. Бұл уақытта үйді жалын толық шарпып, нысан лаулап жатқан.
Өрт кезінде айқайлаған дауыстар естілген
Әлеуметтік желіде өрт болған жерден түсірілген кадрлар пайда болды. Видео авторларының бірі өрт Rams City тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жерде болғанын хабарлады.
"Адамдар қатты айқайлады... Бәрі аман болып, ешкім зардап шекпеді деп үміттенемін", - деп жазды ол.
Өрт бір сағатқа жуық уақытта сөндірілді
Өрт сағат 04:42-де толық сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД-ның 35-ке жуық қызметкері мен тоғыз техникасы жұмылдырылды.
Өрт сөндірілгеннен кейін оқиға орнынан бес адамның сүйегі табылды, олардың арасында кәмелетке толмаған бір бала бар.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *