Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30

“Атыраулық хакерге“ алаяқтық ісі бойынша үкім шықты

0

Атырау қаласының №2 соты бөтеннің ақшасын бірнеше рет ірі мөлшерде жымқырды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Айыптау нұсқасы бойынша, ол ақпараттық жүйені пайдалана отырып, адамдарды алдап, олардың сеніміне қиянат жасаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықтама: Сотталушы көпшілікке "атыраулық хакер" ретінде белгілі: 2025 жылғы желтоқсанда ол әлеуметтік желіде Атырау облысында бір отбасының жоғалып кетуіне қатысты жеке "тергеу" жүргізген видео жариялаған.

Ресми мәліметке сәйкес, 2022, 2024 және 2025 жылдары сотталушы 12 адамды алдап, олардан жалпы сомасы 13 миллион 361 мың теңгені жымқырған.

Ол адамдарға түрлі қызмет ұсынып, көмек көрсетуге уәде берген: IT-курстар ұйымдастыру, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұғаттан шығару, Jetu такси қосымшасына салынған инвестицияны көбейту, тұрақты табыс табу жолдарын үйрету және инвестициядан пайда алу.

Сонымен қатар ол тауар жеткізіп беруге және адамдардың бұған дейін интернет-алаяқтарға аударған ақшасын қайтаруға уәде берген. Алайда уәдесін орындамай, алған ақшаны иемденіп кеткен.

Іс материалдары бойынша, сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, тергеу хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен расталды.

Сот шешімі

Сотталушының бес жас баласының болуы оның жазасы мен қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде танылды, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.ҚК 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде және жеңілдететін мән-жайлар болған жағдайда, ауыр қылмыс үшін негізгі жазаның мерзімі баптың санкциясында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3 бөлігінен аспауы тиіс.

"Сотталушы жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалдың 10 392 000 теңгесі көлемінде ішінара өтегені, бұрын сотты болмағаны, кінәсін толық мойындап, шын ниетпен өкінуі ескеріліп, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 2026 жылғы 01 шілдедегі "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының №329-VIII Заңының 2-бабы 3) тармағының 1) тармақшасы негізінде, тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасы төрттен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген Атырау қалалық №2 сотының қаулысында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

"Атыраулық хакер" несімен танымал болды?

Ер адам әлеуметтік желіде Атырау облысындағы отбасының жоғалып кетуіне қатысты оқиғадан кейін танымал болды. Жоғалып кеткендер туралы хабардан кейін желіде өзін "атыраулық хакер" деп атаған адам пайда болып, төрт адамнан тұратын отбасының жоғалуына қатысты жеке тергеу жүргізгенін мәлімдеді. Ол жариялаған видеолар әлеуметтік желіде тез тарап кетті.

Атап айтқанда, "атыраулық хакер" ықтимал күдікті - қаза тапқандардың қызының күйеуі туралы хабарлаған. Ол келтірген мәлімет бойынша, қарашаның ортасынан бастап отағасының телефоны жүйелі қосылмаған-мыс.

Сондай-ақ ер адам күдікті қарашада Түркияға барғанын, сол жақта отбасы мүшелері бірінің банк картасы қолданылғанын, кейін Қазақстан аумағында орын ауыстырғанын айтты.

Кейін Атырау облыстық полиция департаменті "хакердің нұсқасына" қатысты түсініктеме берді. Құзырлы орган оның тергеуі мен қаржы ағынын анықтауы туралы мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Отбасының жоғалып кетуі және олардың қалай аяусыз өлтірілгені туралы толығырақ мына материалдан оқыңыз.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *