Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30

Алматы мен Астанада сайлау күні қоғамдық көлік тегін қатынайды

0

Алматы мен Астана әкімдіктерінің мәліметінше, мәслихат депутаттарын сайлау күні қоғамдық көліктер, соның ішінде Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі мен Алматы метросы жолаушыларға тегін қызмет көрсетеді, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Мәслихат депутаттарын сайлау жексенбі, 29 қарашада басталды.

"Бүгін, 29 қарашада, мәслихат депутаттарын сайлауға орай Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінде, сондай-ақ, қалалық, экспресс және қала маңына қатынайтын автобустарда жол жүру тегін болады", – деп хабарлады әкімдік.

Әкімдіктің айтуынша, бұл шара тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, сайлау учаскелеріне еркін жетуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қоғамдық көліктер белгіленген кестеге сай сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
30 қарашадан бастап қоғамдық көлікте жолақы бұрынғы тарифтер бойынша алынады. Жолаушыларға сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерген жөн.

Сайлау күні Алматыда жол жүру тегін болады
29 қарашада Алматы тұрғындары да қоғамдық көлікпен тегін жүре алады.

"Күні бойы барлық қалалық автобус пен троллейбус бағыттарында, сондай-ақ метрода жол жүру тегін болады. Бұл шара дауыс беру күні қала тұрғындарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында қабылданды", – деп хабарлады қала әкімдігі.

Еске салайық, 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Қазақстандықтар облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда өз мүддесін қорғайтын депутаттарды сайлайды.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *