Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30

Қарағандыда жол үстінде автобус өртенді: полицейлер көмекке келді

0

Қарағандыда қалалық бағытта жүріп бара жатқан автобус өртенді. Жүргізуші мен жолаушыларға көмекке келген полицейлер өртті сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінше, оқиға бүгін сағат 14:20 шамасында Бұқар жырау көшесіндегі "45-орам" аялдамасының маңында болған. Патрульдеу кезінде полицейлер №01 бағыттағы автобустың қозғалтқыш бөлігінен шыққан өртті байқаған.

Тәртіп сақшылары дереу адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырды. Жолаушылар мен 51 жастағы жүргізуші қауіпсіз жерге шығарылды. Кейін полиция қызметкерлері өртсөндіргіштерді қолдана отырып, өртті сөндіруге кірісті. Тілсіз жау ауыздықталды.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.













Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *