Добавить новость
smi24.net
World News
Ноябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30

Қазақстаннан шыққан алғашқы финалист: Ибрагимова Әлем кубогының алтыны үшін таласады

0
Ташкентте (Өзбекстан) бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі жалғасып жатыр. Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова ақтық сынға жолдама алды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Наталья Шадринамен (Сербия) жұдырықтасып, 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша Карина Ибрагимова әлем кубогының алтын жүлдесі үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, финалдар 3 желтоқсанға жоспарланған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба


Карина Ибрагимова - әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы және Азия ойындарының күміс жүлдегері. Ширек финалда ол 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, тайбэйлік У Ши Иді 5:0 есебімен ұтты.
Бокстан Әлем кубогының кезеңі 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы сапында түрлі салмақ дәрежелерінде 6 ер және 5 әйел боксшы өнер көрсетіп жатыр.












Музыкальные новости




















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *