Алматы татамиінде 17 елдің кіл мықтылары белдесті: нәтижелер қандай
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда грек-рим күресінен «Болат Тұрлыханов Кубогы» Халықаралық турнирі мәреге жетті. Екі күнге созылған дәстүрлі турнирде 17 елдің балуандары бақ сынап, Олимпиада бағдарламасына кірген 6 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
