Жазда жауған қар
Таңертең ауырып тұрдым. Көкте жаттым. Сиыршы Жұмабектің үйі. Ертеңгі астан кейін көңілсіздік. Гүлді кешіп, қаңғырып жүріп кеттім. Айтса да, ертеңгісін бұлт үйірілді де, бәріміз жаңбыр болады деп қорықтық Ұлым Айбар: "Мен білсем, жаңбыр жаумайды", — деді. Шынында да, міне түс болып қалды, аспан ашық Алба-жұлба ақ бұлттар Алматы жақтан, сірә, толассыз, Қытайға жер ауып барады. Олардың зияны мүлде жоқ қайта үздіксіз самал беріп кетіп жатыр (Айбар: "Мен айттым ғой", — деп мақтанып қояды. Айбар! Айбар!!!). Айбар кеше бір сөзінде: "Шытырмын ғой, папа, шытырмын!!!" — дейді. Түсінбеймін?! Айбар! Айбар!!!
"Қырандар, қош болыңдар!" атты поэманың жазылуы жайлы хикая
17-июнь 1972-жыл.
Талды жайлауы. Кеген ауданы.
Таңертең ауырып тұрдым. Көкте жаттым. Сиыршы Жұмабектің үйі. Ертеңгі астан кейін көңілсіздік. Гүлді кешіп, қаңғырып жүріп кеттім. Айтса да, ертеңгісін бұлт үйірілді де, бәріміз жаңбыр болады деп қорықтық Ұлым Айбар: "Мен білсем, жаңбыр жаумайды", — деді. Шынында да, міне түс болып қалды, аспан ашық Алба-жұлба ақ бұлттар Алматы жақтан, сірә, толассыз, Қытайға жер ауып барады. Олардың зияны мүлде жоқ қайта үздіксіз самал беріп кетіп жатыр (Айбар: "Мен айттым ғой", — деп мақтанып қояды. Айбар! Айбар!!!). Айбар кеше бір сөзінде: "Шытырмын ғой, папа, шытырмын!!!" — дейді. Түсінбеймін?!...