smi24.net
World News in Kazakh
Март
2019

Көженің дәмі әр өңірде неге әртүрлі - қазақстандықтар Наурызды қалай тойлайды

0

Қалың қыстан аман шыққан халық күн жылып, табиғат оянғанда Наурыз мейрамын тойлайды. Әлбетте, 22 наурыз - күн мен түннің теңелген уақыты болғандықтан, барша шығыс халықтары оны жыл басы деп санайды. Ұлыстың ұлы күні халық таза, жаңа киімдерін киіп, бір-бірімен қол алысып амандасып, төс қағыстырып, жақсы тілектер айтады, ауыл-ауыл болып дүркіретіп тойлайды. "Мейрамда наурыз көжені тоя жесең, жыл бойы тоқ түресің" дегенді де естідік. Осыған қарап-ақ, қазақ елі үшін де бұл күннің қасиетті, киелі екенін түсінеміз.
Ал Қазақстанның әр өңірінде мейрамды қалай атап өтеді? Неге әр үйде жеген наурыз көженің дәмі әр түрлі? Бұл сұрақтардың жауабын Tengrinews.kz тілшісі іздеп көрді. 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында әр 22 наурызда Ұлыстың ұлы күні тойланады. Онда халық алаңға жиналып, ұлттық тағамдардан дәм татып, ойындарға қатысады.
Қазалы ауданының тұрғыны Есет Табынбаевтың айтуынша, бұл күні орталық алаңда жаппай нан, қымыз, шұбат ұсынылып, бауырсақ пісіріледі. 
"Наурызда қазақтың арқан тартыс, асық ату, күрес, қолкүрес сияқты ұлттық ойындары ойнатылады. Аудан әкімі халықты мерекемен құттықтайды. Жыршы-термеші, ақындар өлеңдерін оқып, әншілер ән салады. Қазалы ауданына қарасты ауылды округтерде де мейрам кең көлемде атап өтіледі. Кей жерлерде атжарыс, айтыс ұйымдастырылады, жастар алтыбақан тебеді", - дейді ол. 

Сондай-ақ, кент орталығында ақшанқан киіз үйлер тігіліп, қазан көтеріледі. Мұндағы Наурыздың ерекшелігі, балалардың тұсауы кесіледі екен. 
"Киіз үйде кең дастархан жайылады. Онда қалаға келген қонақтар, жергілікті тұрғындар дәмнен ауыз тиеді. Наурыз көже тегін таратылады. Ақсақалдар ізгі ниетпен батасын береді. Белгілі бір ұжымдар үлкен кісілерге, ардагерлерге шапан жабады. Ал балалардың тұсауы кесіледі", - дейді Есет Табынбаев.

Бір қызығы, Қазалыда Наурызда түйелерден керуен жүреді екен. Оны кенттегі ер адамдар шапан киіп ертіп жүреді. Түйе соңынан салт ат мінген жастар жүріп отырады. 
© Суреттер Қазалы ауданының әкімдігінен 
Түркістан облысы Жетісай ауданында да Наурызды тойлау дәстүрге айналған. 55 жастағы Ұлдана Аққызының отбасы да жылда бұл мейрамды асыға күтеді екен. Себебі оны бір күн ғана емес, қатарыан бірнеше күн атап өтеді. 21-22 наурыз алаңда мерекелік іс шара ұйымдастырылса, 24-25 қарай көше бойынша бір-бірін қонаққа шақырады екен. 
"Наурызды ынтымақ пен ырыстың, жақсылықтың мейрамы деп санаймын. Себебі бұл күні барша жұрт өткенін електеп, бүгінін бағамдаған. Көктемнің бұл мерекесін отбасымызбен асыға күтеміз және оған дайындық барысы да бір ләззат береді. 21 немесе 22 наурызда алаңға қыдырып шығамыз. Көбіне балаларымыз барып, мерекелік іс-шараны тамашалап келеді. Онда бірнеше қазақ үй тігіледі. Бірін мектеп, тағы бірін аурухана, үшіншісін әкімдік құрады. Кең дастархан жайып, тегін наурыз көже таратылады. Барлық шығынды ұйымдастырып отырған адамдар алады. Жетісайдан шыққан бай азаматтарға ризамын. Жылда болмаса да, бір қазан наурыз көжесін алаңға алып келіп, халыққа таратады", - дейді ол. 
Ауданның құрметті адамдары мен тұрғындары концерт тамашалап отыр. © Ұлдана Аққазының жеке мұрағатынан
Үш-төрт күннен кейін олар көше-көше болып Наурыз жасайды. Жағдайы келеді-ау деген үйді алдын ала таңдап, ақылдасып сонда жиналады екен. Ұлдана Аққызының айтуынша, наурыз көжеге қосатын дақылдарды әр отбасы бөліп алып, үйінен пісіріп алып келеді де, кейін барлығын қосады.
"Әр көшенің өзінің Наурызы болады. Жағдайға қарай бір күнді белгілеп, сол көшеде тұратын отбасылар кейін жиналады. Барлығы алдын-ала алып келетін тағамдарын бөліп алады. Бірі тәттілерді, екіншісі жеміс-жидекті көтереді, онымен қоса ақша да жинайды. Наурыз көжеге қосатын дақылдарды да әр үй бөлек пісіріп әкеледі. Сөйтіп барлығын қосып, бірге пісіреді. Бұл да бір бірліктің нышаны сияқты. Ертеректе әйелдер өздерімен бірге көже толтырылған ыдыс алып жүрген. Қонақтап барған жеріндегі көжеге өздерінің дәмін де қосып, яғни араластыру дәстүрі болған. Бұл - дәм-тұзымыз араласып, ынтымағымыз жарасып, бірлікте болайық деген ниет. Осылайша үй ішінде бала-шағамызбен абыр-добыр болып жүреміз", - дейді Жетісай тұрғыны. 
Ұлдана Аққызының айтуынша, Жетісайда наурыз көжемен қоса, "сумалақ" жасау да дәстүрге айналған. Ол да жеті азықтық заттан әзірленеді.
"Аудан Өзбекстанға жақын орналасқандықтан, бізде сумалақ жасалады. Оны үйдің келіндері жасайды. Оған қосылатын дақылдар бір күн бойы уатылады. Сумалақты жеген кезде, алдымен кішкентай бөбекпен алып, тілек айтып дәмін көреді. Сонда тілегің орындалады дейді. Ал оны жасағандар сауап алады деген де бар", - деп түсіндірді кейіпкеріміз. 
 © Тұрар Қазанғапов 
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылының тұрғыны 71 жастағы Кекілік Қожахметованың ауылында да Наурыз мейрамына байланысты мектепке жиналу үрдіске айналған. Онда көше-көше болып наурыз көже жасап, мектеп алаңында үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырылады екен. 
"Былтыр ауылдағы үлкендердің бірі ретінде Наурызда бата бергенмін. Бүгін де концерт тамашалап келдім. Жеті немереммен мектептің наурыз көжесін жеп қайттық. Бүгін ренішті ұмытып, кешірімшіл, әрі кеңпейіл болып, өткенге салауат, барға қанағат ететін күн. Үйде де келінім көжесін дайындап, дастарқан жайып қойды. Келетін қонақ келіп жатыр. Кыстан аман шығып, көктемнің, шуақты күндердің келгеніне қуанып жатырмыз. Барлығының көңіл-күйі тамаша", - дейді Кекілік апа. 
© Тұрар Қазанғапов
Ата-бабамыздың өнегелі дәстүрін қастерлей отырып, жылда наурыз көже жасайтын Дегерес тұрғыны көже жасау сырын бөлісті. Айтуынша, көже дайындау кезінде тек жеті тағам қосу керек деген талап жоқ. Бастысы тақ сан болуы керек. Барлығы жағдайға байланысты. 
"Наурыз көжеге қосылатын негізгі жеті азық - су, ет, бидай, кеспе, ақ, көкөніс, тұз. Ең негізгі компонент - су. Келешек ұрпақ өсіп-өніп, көбейе берсін деген мағынаны білдіреді. Қазақ дастарханын етсіз елестету қиын, сондықтан оны халық тоқ болсын деп қосады. Көбіне сүрленген ет қолданылады. Наурыз көжеге дәнді дақылдарды да қосамыз, олар - бидай, арпа, күріш, тары және басқаларын жатқызса болады. Оларды ұрпағымыз көбейсін деп қосамыз. Тойымдылығы да бар. Қазақ ақты ежелден қастерлеген. Сондықтан көжеге сүт немесе айран қосылады. Оның түп мағынасында -  сүттей ұйып отырған отбасы болайық, іргеміз берік болсын деген ниет жатыр. Ал тұзды наурыз көжеге дәм беру үшін қосамыз",  - дейді Кекілік апа. 
Көжені ыдысқа толтырып құйып беруде де үлкен мән жатыр екен. Кекілік Қожахметованың айтуынша, бұл дәм-тұзымыз мол болсын, несібеміз ортаймасын дегенді білдіреді. Ал құйылған көжені тауысып ішу керек. Сонда жыл бойы тоқ жүресің.
Автор: Камила Долаева







В Подмосковье сотрудники Росгвардии провели встречу со студентами финансового университета

Родители 317,2 тыс. детей в Московской области получают единое пособие

Росгвардия обеспечила безопасность футбольного матча в Дагестане

В Подмосковье сотрудники Росгвардии провели встречу со студентами финансового университета


Реклама на радио точно достигает своей аудитории

8 и 9 октября в Петербурге выступит Большой симфонический оркестр имени П.И. Чайковского

Подешевело в 2 раза: назван сезон, когда туры в Египет фантастически упали в цене - ещё можно успеть

Лучшие каратисты со всей России собрались в Екатеринбурге


New $100M DOJ lawsuit details the 'unseaworthy' condition of the ship behind Baltimore bridge collapse

Russia to finance encyclopedia of Islam

Los Alamitos horse racing consensus picks for Saturday, September 21, 2024

Morning Briefing: Mets Keep Ground in Wild Card Race Despite Loss


Обновление Winlogon в RooX UIDM: адаптивная многофакторная аутентификация и брендирование

Две структуры мэрии Екатеринбурга оказались в списке злостных неплательщиков за тепло

ВАЗ сбил 9-летнего пешехода

Продвижение Песен, Музыки, Стихов ВКонтакте.


The Sims Project Stories будет новой мобильной игрой вместо Project Rene

Авторы Warhammer 40,000: Space Marine 2 противопоставляют себя современной западной индустрии

Rise of Eros 3.0.200

Default app 3 (Кейс симулятор Standoff 2)



Можно ли стирать шторы: возможные риски

Как и где заказать вкусные бургеры на дом?

Поздравления с днем референдума о независимости

От заморозков к плюс 20: какой будет погода в Москве в последнюю неделю сентября


Владимир Ефимов рассказал, каким будет комплекс «Олимпийский» после реконструкции

Росгвардия обеспечила правопорядок на футбольном матче «ЦСКА» - «Краснодар» в Москве

В Подмосковье сотрудники Росгвардии провели встречу со студентами финансового университета

Роспотребнадзор сообщил о быстром распространении нового варианта COVID-19 ХЕС


День воинской славы России. Куликовская битва

В Пулково задержали пять, и отменили шесть рейсов

Никита Михалков рассказал об обмане свердловского депутата, ушедшего на СВО

Десятков: начато сооружение демонтажно-щитовой камеры станции «Бульвар Генерала Карбышева»


Марии Шараповой завидуют все русские женщины. И вот почему

«Совесть не позволила»: Надежда Гуськова в юности попадала в клубы оригинальным способом

Россиянин Алибек Качмазов вышел в основную сетку турнира ATP-250 в Чэнду

Котов проиграл О'Коннеллу в первом круге турнира ATP в Чэнду


День воинской славы России. Куликовская битва

Лавров раскрыл суть ироничного заявления Путина

Муфтия Гайнутдина переизбрали главой Духовного управления мусульман России

Десятков: начато сооружение демонтажно-щитовой камеры станции «Бульвар Генерала Карбышева»


Музыкальные новости

Отец года: Баста рассказал, на что готов ради дочерей

Завтра в Калининграде покажут спектакль «Высоцкий. Последняя гастроль»

Жена Джигана Оксана Самойлова опубликовала фото в легинсах и топе

Пригожин назвал несмешным цирком шутку о закрытии шоу Comedy Club


Поздравления с днем референдума о независимости

Как и где заказать вкусные бургеры на дом?

Набор в резерв сборных для участия в школьных олимпиадах объявили в Москве

От заморозков к плюс 20: какой будет погода в Москве в последнюю неделю сентября


Пригожин назвал несмешным цирком шутку о закрытии шоу Comedy Club

После стрельбы у офиса Wildberries в Москве арестовали 19 человек

«Химки» и «Локомотив» объявили стартовые составы на матч Кубка России

Росгвардейцы Чувашии стали бронзовыми призерами Чемпионата войск национальной гвардии по мини-футболу


Для пассажиров поезда «Москва-Псков» из Великих Лук предоставлен автотранспорт по маршруту следования

В Тверской области временно прекращено движение по трассе М-9 «Балтия» в Нелидовском районе

Новая марка Knewstar появилась в России. Что это за машины?

Закрыт для движения участок трассы М-9 в районе Куньи и поворота на Усвяты


Лавров заявил об отсутствии у Москвы предпочтений на выборах президента США

Лавров: Слова Путина о поддержке Харрис на выборах в США были шуткой

Лавров: Путин пошутил, говоря о поддержке Харрис на выборах президента США

Ответный удар: у Москвы есть способ причинить Западу непоправимый ущерб



Польские власти арестовали четверых из восьми подозреваемых по «Невзлингейту»


Капитан Александр Суразов, участник «Времени героев», назначен председателем Комитета по физкультуре и спорту Алтая (ВИДЕО)

Кардиолог Серебрянский рассказал, какие продукты повышают риск развития тромбоза

Двух фигурантов дела WB арестовали за попытку проникнуть в больницу

Потом пожалеете: Диетолог назвала продукты, которые опасно есть перед полётом


Глава МИД Польши попытался оправдаться за свои слова про Крым


Баскетболисты ЦСКА начнут защиту титула в Единой лиге ВТБ

Власти Алтая попросили 2 млрд рублей у Москвы, чтобы достроить ледовую арену

Владимир Ефимов рассказал, каким будет комплекс «Олимпийский» после реконструкции

В Тверской области временно прекращено движение по трассе М-9 «Балтия» в Нелидовском районе


Минск продолжит выступать за расширение взаимоуважительного и конструктивного диалога с Ереваном – Лукашенко

Лукашенко поддержал расширение взаимоуважительного диалога с Ереваном


Сергей Собянин рассказал о передовых российских разработках ИИ в области медицины

Сергей Собянин. Главное за день

Собянин: К учебному году в МЭШ обновили популярные сервисы и запустили новые


Экологическая симфония: названы лауреаты Премии ECO BEST!

В МГРИ стартовала программа по изучению изменений климата и экологии


Министр ЖКХ Московской области проверил готовность Воскресенска к зиме

Муфтия Гайнутдина переизбрали главой Духовного управления мусульман России

Котельную № 6 в Чехове‑7 реконструируют к 15 октября

В РФ планируют ввести модель инженерного образования с единым «ядром»


Ликсутов: Рублёво-Архангельская линия метро создаст новые связи на северо-западе Москвы

Территорию у метро «Бульвар Генерала Карбышева» ждёт масштабное озеленение

Десятков: начато сооружение демонтажно-щитовой камеры станции «Бульвар Генерала Карбышева»

Выставка «Времени живая нить» открылась в Доме народного творчества в Архангельске


Час исторической славы «Сказание о битве Куликовской»

Урок безопасности «Огонь ошибок не прощает».

Патриотический час «Три цвета красками сияют – в Крыму день флага отмечают».

«Арендный бизнес в России стал выгоднее». Какой срок окупаемости квартиры в Симферополе и Севастополе?


В Тверской области временно прекращено движение по трассе М-9 «Балтия» в Нелидовском районе

День воинской славы России. Куликовская битва

В Тульской области прохожие спасли ребенка, выпавшего из окна

Десятков: начато сооружение демонтажно-щитовой камеры станции «Бульвар Генерала Карбышева»














СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *