smi24.net
World News in Kazakh
Март
2017

Новости за 02.03.2017

Тараз қаласына жаңа әкім келді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы «2» наурыздағы №68-ө өкімімен Рүстем Рысбайұлы Дәулет Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елдік шешімдердің халық көңілінен шығатыны анық - Абат Қыдыршаев

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Негізгі заңға енгізілетін өзгерістердің еліміздің дамуына ерекше серпін беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы сонымен қатар 26-баптың өзгеріссіз қалатынын жеткізіп, халықтың күпті көңілін орнына түсірді. Шындығында елдің мүддесін көздейтін маңызды шешімдер ғана халық көңілінен шығатыны анық. Бұл туралы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік... Читать дальше...

Шымкент әкімі құрылысқа жауапты адамдарды қатаң жазалайтынын айтты

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында жуырда ғана салынған көпқабатты үйлердің қабырғалары жарылып, төбесінен су ағып жатыр. Ал мектептер мен жатақханалардың сылақтары түсіп, жарықтар пайда болған. Құрылыс мәселелеріне қатысты өткен жиында шаһар басшысы осындай кемшіліктерді сөз етіп, қалалық құрылыс бөлімінің басшылығын қатаң сынға алды,деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

БҚО-да дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысына қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде

Казинформ 

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысы Жарас Ахановқа қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстанда баспанаға мұқтаждарға жас бойынша шекті деңгейді жоғарылату ұсынылды

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутат Дархан Кәлетаев қолжетімді баспанаға үміткерлер үшін жас бойынша белгіленген шекті деңгейді жоғарылатуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандағы партиялар саяси мәдениетті қалыптастыруы керек - Әлияров

Казинформ 

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлуге байланысты реформалар кезінде партиялар саяси мәдениетті қалыптастыруы керек, деді бүгін Алматыдағы Философия, саясаттану және дінтану институтында өткен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы семинарда Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнктура орталығының президенті, саясаттануы ғылымдарының докторы, профессор Есенжол Әлияров.

2019 жылы Қазақстан Ресей бензиніне тәуелділіктен арылады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылы Қазақстан Ресей бензиніне тәуелділіктен арылады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



Әлемде мұнай бағасы қайта төмендеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларда электрондық сауда-саттық барысында мұнай бағасы төмендеуде, деп хабарлады Gazeta.ru.

Ерлан Қарин: Конституция - бұл ұлттың саяси манифесі

Казинформ 


АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі конституциялық реформаларға қатысты ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынған болатын. Осыған байланысты саясаттанушы, «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада ақын Жеңіс Қашқыновтың туғанына 75 жыл толуына арналған әдеби-сазды еске алу кеші өтеді

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ақын, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі, журналист, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Журналистер Одағыны сыйлығының иегері, аудармашы, ұлттық радиожурналистиканы дамытуға еңбек сіңірген тұлға Жеңіс Қашқыновтың 75 жылдығына орай «Ерттеп міндім өлеңнің дүлдүл атын» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таразда жазасын өтеушіге әйелі сары майға героин салып әкелген

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат -   ЖД-158/2 жалпы режімдегі колониясында есірткі затын өткізу әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлады Жамбыл облысы ҚАЖ департаментіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қытай жоғары деңгейлі вирустық зертхана ашады

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 ақпан күні Қытай ғылым академиясы ҚҒА жанындағы биоқауіпсіздік бойынша Ухань мемлекеттік зертханасының (Ухань P4 зертханасы) Қытайдың акредитация жөніндегі мемлекеттік комитетінен (Chinа National Accreditation Service for Conformity Assessment) рұқсат алғанын және зертхананы ресми түрде қолданысқа енгізетінін мәлімдеді. Ол Орталық Азиядағы бірінші Р4 зертхана болмақ және Қытай «Эбола» вирусы секілді күшті қоздырғыштарды зерттеу және қолдануға арналған аппараттық шартқа ресми түрде ие болады. Читать дальше...

Қазақстан мен Түркия әскерилеріне теңдей жағдай жасалмақ

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік меморандумын ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысының полицейлері нәзік жандыларға ерекше құрмет көрсетті

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері нәзік жандыларға ерекше құрмет көрсетті. Мереке қарсаңында «Әйелге деген сүйіспеншілік» акциясын бастады. Оның аясында, ханымдар сұлулық салонына барып, қалауы бойынша шаш үлгісі, макияж және маникюр жасап, дастарханнан дәм татып, киноға барып, тамаша көңіл-күйге бөленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі «Тәуелсіздік монументі» сүрілуі мүмкін

Казинформ 

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының бас даңғылындағы «Тәуелсіздік монументі» сүрілуі мүмкін. Алматыдағы монументтің шағын көшірмесі 2008 жылдың желтоқсанында ашылды. Жергілікті билік пен кәсіпкер соттасып, қала әкімдігі жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ның департамент басшысы тұрғындарды Skype арқылы қабылдап жүр

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев бірінші болып, xалықты Skype қосымшасы арқылы қабылдауды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен ел чемпионаты аяқталды

Казинформ 

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте грек-рим, еркін және әйелдер күресінен өткен ел чемпионаты аяқталды. 600-ге тарта балуан қатысқан додада әр түрлі күрес бойынша 8 салмақта чемпиондар анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Алматы облысында қант қызылшасының әр тоннасы 17 мың теңгеден қабылданады

Казинформ 

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында қант қызылшасының әр тоннасы 17 мың теңгеден қабылданады. Ал 2015 жылы аталған өнімнің тоннасы 13 мың теңгеге бағаланған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Польшада заңсыз жүрген қазақстандықтар елге қайтарылады - Парламент

Казинформ 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *