Мына сөздерді айтуды әдетке айналдырыңыз
Көңіл құлазыған сәтте айналамызды қара түнек қаптағандай күй кешеміз. Арман-мақсаттарымыздың күйрегенін сезінетініміз хақ. Егер күнделікті жаныңызға жылу сыйлайтын сөздерді айтуды жиілетсеңіз, өз жолыңызды айқындай аласыз.
1. Мен бақыттымын!
Бақыт- тек қана байлық емес, бақыт-жақсылыққа кенелу, бойыңызды құндылықтармен толықтыру.
2. Мен әр күніме шүкіршілік айтамын және Жаратушының құдіретін ұғына аламын.
Қиындықпен күресуге жігеріңіз жетпей ме?
Ауыртпалыққа қарсы тұра алмайсыз ба?
Күллі ғаламды алты-ақ күнде жаратқан Аллаһтан пана сұраңыз!
Көңіліңіз тасып, ерекше сезім кешірер болсаңыз, шүкір етіңіз. Жаратушының :"Шүкір етсеңдер-арттыра беремін" деген сөзін естен шығармаңыз.
3. "Менің қолымнан бәрі келеді"
Бұл сөз шынында да биікке бастайды, тағдыр сынақтарымен күресуіңізге көмегін береді. Егер сіз...