«Нұр Отан» арыз-шағымдардың түп-төркініне үңілу арқылы меморгандардың жұмысының кемшілігін анықтайды - А.Мырзахметов
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы елдегі жетекші саяси күш ретінде қарапайым халықтың мәселелерін нақты шешудің тетіктерін қолға алмақ. Ол үшін бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын және партия фракцияларының іс-қимылын күшейтуге баса назар аударылады. Сонымен қатар, саяси ұйым жастар саясаты мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, оларға қолдауды арттырмақ. Бұл туралы бүгін Астанада партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өткен алғашқы селекторлық кеңесте айтылды. Кеңейтілген жиынға партия хатшылары, партия кураторлары, Мәжіліс депутаттары және Орталық аппарат жетекшілері мен облыстық филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды аталған партияның баспасөз қызметі.
