ЭКСПО-ның бұрынғы басшысы Т.Ермегияевті үйде қамау мерзімі 12 қазанға дейін ұзартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 4-бөлігі, «б» тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін күдікті деп танылған Талғат Ермегияевқа қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мерзімін ұзарту туралы прокурормен келісілген тергеушінің қолдаухатын қанағаттандырды.
