Ғалымдар жүйкені тез тоздыратын қызметті атады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университеті жанындағы Мэилмен қоғамдық денсаулық мектебінің маманы Сет Принс штаттық кесте бойынша жұмыс күнін толық өткізетін 21 859 адамды арнайы зерттеу жұмысына қатыстырды. Оның зерттеуі бойынша орта шендегі (деңгейдегі) менеджерлердің жүйкесі бәрінен бұрын шаршайтыны анықталды, деп жазды The Times of India.
