Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Март
2024

Келін

0

Келін — туыстық атау. Некедегі әйел өз күйеуінің жасы үлкен туыстарына, немере ағайын, аталастарына келін болып келеді. Алғашқы жылы басына сәнді жамылғы — желек салып жүрген жас келін тұңғыш баласы туғаннан кейін төркіндеп қайтады. Бірнеше жыл өткен соң, мәртебесі бекемделіп, келіншек аталады. Ол қонақ күту, дәстүрлі жоралғыларды атқару, шаруа жасау, бала тәрбиесіндегі ептілігі, жөн білгіштігі, көргенділігі мен икемділігі арқасында ауылдастар мен күйеуінің туыстарынан лайықты бағасын алады. Келіннен бірқатар тыйымдар мен қарым-қатынастағы этикет талап етіледі. Мысалы, келін күйеуінің ата, апаларының, жасы үлкен туыстарының (әйел, еркек) және абысын-ажындарының, қайындары мен қайынсіңлілерінің атын атамайды. Мұндай ат тергеу келіннің инабаттылығына, тапқырлығына сын. Келін олардың...











СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *