Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Март
2024

Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға Тараз қаласынан және Қордай, Т.Рысқұлов, Байзақ аудандарынан жазылған азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Атап айтсақ, Байзақтық Бағлан Укеева есімді азаматша кәсіпкерлік мақсатта жер телімін бөлу мәселесін көтерді. Ал тараздық Ғалия Дюсетаева орталықтағы тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңшаларын жаңартып беруін сұрады. Қабылдауға […]

Сообщение Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласынан және Қордай, Т.Рысқұлов, Байзақ аудандарынан жазылған азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Атап айтсақ, Байзақтық Бағлан Укеева есімді азаматша кәсіпкерлік мақсатта жер телімін бөлу мәселесін көтерді. Ал тараздық Ғалия Дюсетаева орталықтағы тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңшаларын жаңартып беруін сұрады.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек, мемлекет тарапынан бөлінетін грантқа қатысты мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Сообщение Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.











СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *