Ақ бата, тілек
Халықтың тілек-бата сөздері жеткіншек, жас ұрпақты әдепті, зерделі, сабырлы, арлы болып өсуге баулиды. Ақ бата, тілек Бата- хылықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар- оның рухани өмірінде тұтастық, бірлігін, салт- дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.
Халықтың тілек-бата сөздері жеткіншек, жас ұрпақты әдепті, зерделі, сабырлы, арлы болып өсуге баулиды.
Бата — халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы. Бұлар — оның рухани өмірінде тұтастық, бірлігін, салт-дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауда ерекше қызмет атқарады.
Болашақтың тұтқасы, иесі — ұрпағына амандық, парасаттылық, ізеттілік, өжеттілік, мейірім, өнер-білім, құт-береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу — ежелден адамзаттың асыл мұраты болса керек.
Халықтың ежелгі қонақжайлық салты бойынша, құрметті мейманға арналып қой немесе тай сойылады, қонақасы беріледі. Сойыс малы қонаққа көрсетіледі. Себебі, ол малдың күйін, дені таза екендігін көреді. Сонан соң бата жасайды. Алғыс яки бата сөзде үй иесінің сау- саламат болып,...