Қыс неге ұзақ, жаз неге қысқа?
Саха ертегісі, Қыс неге ұзақ, жаз неге қысқа? Ертеде адамдар жер-әлемді алты қат аспанның ең жоғарғы қабатын мекендейтін Юрунг Айынтойон жаратты деп есептейтін еді. Ол әлемді жаратып болған соң адамнан:
(Саха ертегісі)
Ертеде адамдар жер-әлемді алты қат аспанның ең жоғарғы қабатын мекендейтін Юрунг Айынтойон жаратты деп есептейтін еді. Ол әлемді жаратып болған соң адамнан:
— Қысты ұзақ қылайын ба, әлде жазды ұзақ қылайын ба? — деп сұрайды.
— Әуелі оны менің достарым өгіз бен жылқыдан сұрайын, — дейді адам.
Әуелі олар жылқыдан сұрайды:
— Қалай болғанын қалайсың? Қыс жаздан ұзақ болсын ба, әлде жаз қыстан ұзақ болсын ба?
— Мен жаздың ұзақ болғанын қалаймын, өйткені қыста менің тұяғым тоңады, — деп жауап береді жылқы.
Өгізден:
— Сен не дейсің, қайсысының ұзақ, қайсысының қысқа болғаны жөн, — деп сұрайды олар.
—...