Индиго
Индиго, Ділдар Мамырбаева Түн ішінде қалың ұйқыдан телефон шырылы оятты. «Бітті, өртенді, құрыдық, құртты сіздің балаңыз» — деген сөз ес таптырмады. Мектептегі жалғыз компьютер өртеніпті. Қол-аяғым дірілдеп, қалбалақтап жеттім. Темір құрал жанып кеткен. Жерде бұрқыраған қағаздар. Қағазда жыпырлаған сандар. Балам қолына бір қағаздан кейін бір қағазды алып қарайды да күледі. Біздің бес тал шашымызды жұлып, жүрек талмамыз ұстап жатқанымен шаруасы жоқ.
Түн ішінде қалың ұйқыдан телефон шырылы оятты. «Бітті, өртенді, құрыдық, құртты сіздің балаңыз» — деген сөз ес таптырмады. Мектептегі жалғыз компьютер өртеніпті. Қол-аяғым дірілдеп, қалбалақтап жеттім. Темір құрал жанып кеткен. Жерде бұрқыраған қағаздар. Қағазда жыпырлаған сандар. Балам қолына бір қағаздан кейін бір қағазды алып қарайды да күледі. Біздің бес тал шашымызды жұлып, жүрек талмамыз ұстап жатқанымен шаруасы жоқ.
— Ой, жүгермек, бізді күйдіріп қойып есерленіп тұрғаның не ей, сенің? — Менің аузымнан қолым шапшаң. Шапалақпен тартып-тартып жібердім. Ішім ызадан жарылып бара жатса, қайтпекпін. Балам да қызуқанды, тырсылдап, шытынап тұрады. Бұл жолы менің айтқаным да, ашуым да мыңғырына дыңғыр етпеді. Қайта...