Қазақстандағы 5 мыңнан аса кәсіпорын 67 мың маманға мұқтаж - «Атамекен» палатасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы 5 мыңнан аса кәсіпорын 67 мың маманға мұқтаж. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев мәлім етті.
