Қазіргі таңда елімізде қазақ күресін әлемдік бәсекеге лайықты спорт түрі деңгейінде дамыту басты мақсатқа айналып отыр. Күш пен әдіс-тәсілдерді бір сөзбен айтқан да, күш болмаса әдіс-тәсілдің, әдіс-тәсіл болмаса күшті қолданудың бәрі бекер болғаны және жеңіске жетудің жүзеге асырылуы да мүмкін емес. Сондықтанда қазақ күресімен шұғылданбас бұрын маман жаттықтырушы шұғылдануға талап білдірушілердің денсаулық жағдайын медициналық тексеруден өткізуі тиіс. Жақсы балуан дайындап шығару үшін жанкештілікпен тер төгіп, тиянақты жаттығумен үздіксіз жаттығу жасау қажет. Білікті бапкер оқыту-жатығу жүйесін күнделікті жүйелі түрде жетілдіре отырып, әр шұғылданушыны үлкен жүктемелерді меңгеруге дайындауы тиіс