Израиль Иранға әуе шабуылдарын жасады: елде ерекше жағдай жарияланды
ЦАХАЛ Иранға қарсы "алдын алу" әскери соққыларының басталғанын растады. Израиль операциясы "Арыстан күші" деп аталды. Әскерилер соққылар Тегеранның ядролық нысандарына бағытталғанын айтты – ондаған нысана жойылған.
Израиль әуе кеңістігін жапты және мектептегі сабақтарды тоқтатты.
"Израиль Мемлекетінің Иранға алдын ала соққы беруінен кейін алдағы уақытта Израиль Мемлекетіне және оның азаматтық халқына зымырандық және дрондық шабуыл жасалады деп күтіледі", – деді Кац.
Тегеранда өрт шықты – тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары жанып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, израильдік әскерилер Тегерандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) жоғары шенді командирлері тұратын пәтерлерге де шабуыл жасаған.
Иранның жоғары басшылығы құпия жиналыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды Clash Report.
Бұған дейін Тегеран егер Тель-Авив тарапынан шабуыл жасалса, олардың әскері өңірдегі АҚШ базаларына шабуылдайтынын мәлімдеген еді. Иран барлау министрі Израильге қарсы ғылыми және ядролық секторларға бағытталған ауқымды барлау операциясы жүргізіліп жатқанын айтқан.
Бұған дейін АҚШ Ислам Республикасындағы елшілік қызметкерлерін эвакуациялаған болатын.
Еске салайық, бұған дейін Израиль шенеуніктері АҚШ әріптестеріне Иранға қарсы әскери операция бастауға дайын екендерін ескерткен еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!