Өскеменде түн ортасында орталық базардан өрт шықты
Өскеменде түнде орталық базар аумағында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, хабар түн ішінде келіп түскен. Өрт матрас сақталған қоймадан шыққан.
"Оқиға орнына өрттің таралу қаупі жоғары болғандықтан, жоғары дәрежелі шақырту бойынша өрт сөндіру топтары жедел түрде жіберілді", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Куәгерлердің айтуынша, өрт бір сауда және сақтау контейнерінен шыққан. Сол контейнерде матрастар өртенген, ал жалын көрші павильондарға таралуы мүмкін болған.
Құтқарушылар оқиғаның өте қауіпті болғанын айтты.
"Өртті сөндіруді басқарған маман жоғары дәрежелі шақырту мәртебесін растады. Мұндағы қоймалар мен контейнерлер бір-біріне тым жақын орналасқан, бұл жалынның тез таралу қаупін тудырды. Алайда өртсөндірушілердің кәсіби әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт шамамен 50 шаршы метр аумақта оқшауланды", - деп атап өтті ШҚО ТЖД өкілдері.
Ведомство мәліметінше, өрт толық сөндірілген, жалынның таралуына жол берілмеген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір мамандар өрттің нақты себебін анықтап, материалдық шығынды есептеп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Балқашта демалыс аймағында да өрт шығып, демалушылар құтқарушылар келгенге дейін жалынды өз күштерімен сөндіруге тырысқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!