Бас прокуратура WhatsApp-қа қатысты ескерту жасады
Бас прокуратура "WhatsApp" мессенджеріне қатысты жаңа киберқатер туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шетелдік дереккөздердің мәліметіне сәйкес, кибералаяқтар "WhatsApp" аккаунттарын басып алудың жаңа қылмыстық схемасын қолданып жатыр. Бұл әдіс "GhostPairing" деп аталады және құпиясөзді бұзуды, SIM-карталарды ауыстыруды немесе күрделі техникалық шабуылдарды қажет етпейді. Алаяқтар WhatsApp-қа заңды түрде, қосымша құрылғыларды байланыстыру функциясын пайдалану арқылы қол жеткізеді.
Сценарийі қарапайым: қолданушыға "Facebook" немесе "WhatsApp" атынан жасырынған хабарлама жіберіледі, ол "Facebook" пен "WhatsApp" интерфейсін визуал қайталайтын жалған парақшаларға бағыттайды.
Контентке қолжетімділікті растау үшін фейк-парақша телефон нөмірі мен растау кодын енгізуді ұсынады, осыдан кейін зиянкес автомат түрде жәбірленушінің аккаунтына сенімді құрылғы ретінде қосылып, WhatsApp-қа толық қол жеткізеді (хабарламаларды оқу, медиафайлдарды қарау, байланыстар тізімі, хабарлама жіберу, фотогалереяға қолжетімділік). Бұл ретте телефон әдеттегідей жұмыс істей береді және күдік тудырмайды.
WhatsApp-тың басып алуын анықтаудың жалғыз жолы - "Байланыстырылған құрылғылар" бөлімін қолмен тексеру. Кез келген белгісіз аккаунтты көрсетеді және дереу жойылуға тиіс.
Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар:
белгісіз кіріс хабарламаларға, қоңырауларға және әр түрлі хабарландыруларға мұқият болыңыздар;
"WhatsApp" кодын бөгде парақшаларғаенгізбеңіздер, қосымшадан тыс жерде кодты сұрату - әрқашан алаяқтық;
екі факторлы аутентификацияны пайдаланыңыздар;
аккаунтыңыздың белсенділігін тұрақты түрде тексеріп отырыңыздар;
қорғаныш бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданыңыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
