Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Илон Маск АҚШ демократиясына төнген қауіп туралы айтты

0

АҚШ бірпартиялы мемлекетке айналуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпкер Илон Маск X желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Масктың айтуынша, Америка үшін тым көп иммигрант - қауіп.

"Радикал солшылдар сайлауда жеңіске жету және Американы бірпартиялы мемлекетке айналдыру, сол арқылы кез келген демократияны жою мақсатында алаяқ мемлекеттік бағдарламаларды баяғыдан бері пайдаланып келеді: олар заңсыз (ал кей жағдайларда заңды) иммигранттарды көптеп кіргізіп, елде ұстап қалады", - делінген оның жазбасында.

Миллиардер сондай-ақ: "Мұның мән-жайына тереңірек үңілген сайын, салық неге жұмсалып жатқанына және егер мұның жолы кесілмесе, даусыңыздың ешқандай мәні қалмайтынына одан көз жеткізесіз", - деп атап өтті.

"Мысалы, Миннесота штатындағы сомалилік сайлаушылар блогы. Бұл штатта тарихи тұрғыда Конгреске сайланған бірде-бір сомалилік болмаған, алайда дәл солар Ильхан Омарды АҚШ Конгресіне өткізді", - деді Маск.

Ол мұндай жағдай Еуропада, Ұлыбританияда, Канадада, Аустралияда және Жаңа Зеландияда да байқалатынын қосты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *