Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

“1414 қызметтері ақылы болады“: мемлекеттік корпорация мәлімдеме жасады

0

Әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та "1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер ақылы болады" деген ақпарат тарады. Бұл жағдайға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемкорпорация мәліметінше, азаматтар үшін 1414 нөмірі арқылы көрсетілетін қызметтер бұрынғыдай тегін күйінде қалады. Айтылған ақылы қызметтер халыққа емес, мемлекеттік органдарға қатысты.

"Мақсат – әр мемлекеттік органның жеке колл-орталығын ашпай, азаматтармен байланыстың бірыңғай арнасын қалыптастыру. Барлық өтініш 1414 бірыңғай байланыс орталығында жинақталады. Халықтан ешқандай төлем алынбайды", – деп мәлімдеді мекемеде.

Сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар өз колл-орталықтарын оңтайландырып, қажет болған жағдайда 1414 жүйесіне ақылы негізде, өз қаражаты есебінен қосыла алатыны айтылды.
Айта кетейік, 1414 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Операторлар күн сайын сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді, ал түнгі уақытта өтініштерді автоматты дауыс көмекшісі мен чат-бот қабылдайды.
Азаматтар байланыс орталығына:

Қазақстан аумағында 1414 нөмірі арқылы тегін;шетелден +7 7172 906 984 нөмірі арқылы;
Telegram-дағы eGovKzBot 2.0 арқылы;әлеуметтік желілер, электронды пошта арқылы;
"ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы хабарласа алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *