Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды

0

Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды: Президент тапсырмасы бойынша балалардың құқықтарын қорғаудың жаңа стандарттары енгізілуде.

Қазақстанның білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастыруға және оқушыларды психологиялық қолдауға қойылатын жаңартылған талаптар енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова хабарлады. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әр мектепте қауіпсіз орта құруға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізілді. Мектептерде 1,7 млн бала тегін тамақтанумен қамтылды. Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде «ДосболLike» антибуллингтік бағдарламасы, «Жеке қауіпсіздік» сабақтары іске қосылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 20 өңірде психологиялық қолдау орталығы ашылды. Жыл басынан бұл орталықтарда 35 мың бала мен ата-анаға көмек көрсетілді»,

— деп хабарлады Майра Мелдебекова.

Сообщение Жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *