Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

Жайық Шарабасов вице-министр болып тағайындалды

0

Жайық Шарабасов оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жайық Серікқалиұлы Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды", - делінген Үкіметінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Жайық Шарабасов туралы не белгілі?
Ол 1980 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымда бастаған.
2004–2006 жылдары - Батыс Қазақстан облысы Ішкі саясат департаментінің әртүрлі бөлімдерінде бас маманның міндетін атқарушы, бас маман лауазымдарын атқарған.
2006 жылдан 2010 жылға дейін - ҚР Әділет министрлігі Дін істері комитетінің Талдау және ақпараттық-насихаттау жұмысы бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.
2010–2012 жылдары Дін істері комитеті, Діни бірлестіктермен жұмыс басқармасының 1-санаттағы сарапшысы болып жұмыс істеген.
2012 жылы - ҚР Дін істері агенттігінің Діни бірлестіктермен байланыс басқармасының бас сарапшысы.
2012–2013 жылдары - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, кейінірек ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бас сарапшы.
2013–2014 жылдары - ҚР Өңірлік даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік, мобилизациялық жұмыс және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы.
2014–2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары.
2016–2017 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңірлік саясат, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары, кейін директоры.
2017–2019 жылдары - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2019–2023 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *