Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Декабрь
2025

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

0
Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматыда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, мереке кезеңінде адамдар көп шоғырланатын орындарда, қала көшелері мен тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған.

"Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз қоғамдық орындарда, көшелер мен жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет атқарып жатыр", – деді Серік Шумаев.

Мерекелік күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

"Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет – қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі", – деді спикер.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *