Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматы облысында автобуста жанжал шығарған ер адам қамалды

0

Алматы облысында автобустардың бірінде жолаушыға қатысты дөрекі әрі арандатушылық әрекет жасаған ер адам анықталып, жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAlmaty.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, жанжал туралы ақпарат түскеннен кейін ер адамның жеке басын анықтау үшін жедел шаралар қабылданған. Ер адам оқиға кезінде мас күйде болғанын мойындаған. Іс материалдары сотқа жолданды.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

Алматы облысы ПД қоғамдық орындарда боқауыз сөз айтуға, қорлауға және арандатуға болмайтынын және мұндай әрекеттердің қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу деректерінің бәріне жауап беретінін айтып, өңір тұрғындары мен қонақтарын мінез-құлық нормаларын сақтауға, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *