5 қаңтарда Тоқаевтың сұхбаты жарияланады
Қазақстан Президентінің жаңа сұхбаты қашан шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
"5 қаңтарда "Turkistan" газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл басылымның бас редакторы, белгілі ақын, публицист Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарияланады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Мемлекет басшысы былтыр дәл осындай форматта "Ana tili" газетіне сұхбат берген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
