Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ақмола облысында жол бойынан төрт жасар бала табылды

0
Щучинск қаласында жүргізуші жол жиегінен жалғыз кетіп бара жатқан төрт жасар баланы байқап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 4 қаңтарда түске таяу болған. Ер адам Қотыркөл ауылына апаратын айналма жол маңында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция экипажына жүгінген.
Бала қатты қорқып, абдырап қалған. Полицейлер оны тыныштандыра алғанымен, ол өзі туралы аз ғана мәлімет айта алды: тек есімін атап, анасының жұмыста екенін, ал әкесінің ұйықтап жатқанын айтқан.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кокшетау. Акмолинская область. Новости. Реклама (@sinegor.kz)


Табылған бала туралы ақпарат қаладағы барлық полиция жасағына дереу жеткізілді. Полицейлер баланы жылытып, жұбатқан. Екі сағаттан кейін оның туыстары табылды.
Кейін баланы алып кетуге ағасы келді. Ересектер жұмысқа кетуі керек болғандықтан, әкесі баланы әпкесінің қарауына қалдырған. Қыз ұйықтап қалып, ал бүлдіршін өзі киініп, үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Полицейлер Chevrolet Cobalt көлігін жүргізген бейжай қалмаған жүргізушіге қырағылығы мен азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *