Зейнеткер WhatsApp-та жазған хаты үшін 500 мың теңгеге жуық айыппұл арқалады
ШҚО-да сот WhatsApp арқылы жала жабу туралы істі қарады. Тарбағатай ауданының тұрғыны сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тарбағатай аудандық соты Қ.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі (көпшiлiк алдында немесе масс-медианы немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Сот мәліметінше, 2025 жылғы 17 қазанда Қ. WhatsApp мессенджеріндегі топта аудандық бас дәрігер М.-ның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқан.
Сот отырысында Қ. өз кінәсін мойындамаған. Жәбірленушінің өкілі болған жағдайды растап, қатаң жазаға тартуды сұрады.
"Сот Қ.-ны ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, айыппұл сомасы құқық бұзушының зейнеткер екені ескеріле отырып, 30 пайызға қысқартылып, оған 495 432 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды", - делінген хабарламада.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
