БҚО-да жоғары лауазымды шенеунік ұсталды: видео
Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшыларының бірі және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.
"Олар ақшалай сыйақы үшін шетелдік азаматтарға халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелуге көмектескен. Олардың 100 миллион теңгеден аса пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын - 1,9 миллирад теңге", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
