Қазіргі әлемде жалған ақпарат – қоғамға тікелей және жанама әсер ететін маңызды қауіптердің бірі. Ғаламтордағы материалдардың 62%-ы қисынсыз немесе толық сенімді емес деп бағаланса, әлем тұрғындарының 86%-ы өмірінде кем дегенде бір рет жалған ақпаратпен кездескен. Киберқауіпсіздік саласындағы есептер бойынша, жалған ақпарат ғаламдық экономикаға жыл сайын шамамен 39 миллиард доллардан астам шығын әкеледі. Бұл көрсеткіш ақпарат тасқынының ауқымын айқын көрсетеді.
Медиасауаттылық және адамдардың реакциясы
Қазақстандық сауалнама нәтижесі көрсеткендей:
22% ғана жалған ақпарат пен шынайы ақпаратты дұрыс ажырата алады;
57% жауап беруге қиналады;
17% әр күнде жалған ақпаратқа тап болады;
54% тек кейде кездеседі;
23% мүлде кездеспейді деп жауап берген....