Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда арнайы жасақ Жаңа жыл түні ұрлыққа түскендерді ұстады: видео

0
Алматыда полицейлер Жаңа жыл түні жасалған ұрлықты ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелері жоқтығын пайдаланып, үйге заңсыз кірген. Күдіктілер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтын зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ, ақшаны қолды еткен.
Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асады.

"Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті үш адам анықталып, барлығы ұсталды. Тергеу барысында ұсталғандардың екеуі бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Бұл оқиғаға қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!














Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *