Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адам ұсталды

0

Алматыда бопсалау мен тонау қылмыстары үшін іздеуде жүрген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда полиция қызметкерлері бопсалау және тонау деректері бойынша ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді. Аталған қылмыс 2024 жылы жасалған.
Тергеу деректеріне сәйкес, үш адамнан құралған топ қорқыту және күш қолдану арқылы шамамен 3 миллион теңге көлеміндегі ақшаны заңсыз иемденген. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қылмысқа қатысы бар екі адам жедел түрде ұсталып, сот үкімімен жауапкершілікке тартылған. Ал үшінші күдікті оқиға орнынан бой тасалап, кейіннен іздеуге жарияланған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында іздеуде жүрген азаматтың жүрген жері анықталып, ол ұсталды.

"Күдікті бір жылдан астам уақыт бойы жасырынып жүрген. Мақсатты әрі жүйелі жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде оның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады", - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *