Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанның оңтүстігінде университет 20 миллион теңгеге орындық сатып алған

0

ҚМА Шымкент бойынша департаменті Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚМА мәліметінше, күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ, мердігер ұйымдардың басшылары бар.
Схема
Күдіктілер тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе қымбат сатып алынған жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқан.

"Байланысы бар жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмысқа қатысушылар арасында бөлінген. Осы схема аясында университет басшылығы нарықтағы құны 200 мың теңгеден аспайтын бір орындықты 20 миллион теңгеге сатып алған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, ҚМА дерегіне сүйенсек, күдіктілер тозған тауар-материалдарды баланстан формалды түрде есептен шығарған, бірақ оларды пайдалана берген. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына алынуға тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген.
Шығын
Мемлекетке 321 миллион теңге көлемінде залал келген.

"Тергеу барысында күдіктілер 264 миллион теңгені ерікті түрде өтеді. Сот санкциясымен олардың мүлкіне - 4 тұрғын үйге, 1 көлікке және банк шоттарындағы 40 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *