Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Атырауда ер адамның қатыгездікпен соққыға жығылған видеосы тарады

0

Әлеуметтік желілерде Атыраудағы көңіл көтеретін орындарының бірінде болған төбелестің видеосы жарияланды. Бұл жағдайға полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан алдымен екі ер адам арасында төбелес басталып, кейін оларға тағы бір адам қосылғанын көруге болады. Екеуі бір адамды ұрып-соғып, ол жерге құлап түседі. Бірақ одан кейін де соққылар жалғасады.
Келесі кадрларда, көшеде түсірілген видео пайда болады. Одан төбелес ғимарат сыртында да жалғасқаны байқалады.
Полиция пікірі
Атырау облысының Полиция департаменті оқиғаның 18 қаңтарда болғанын хабарлады.

"Полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Полиция мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *