Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстандық экс-кеденші Испаниядан экстрадицияланды: оған қандай айып тағылды?

0

Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Испаниядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратураның мәліметінше, ер адам 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола тұра ақпараттық базаға жалған деректер енгізген. Соның нәтижесінде сегіз автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждарды заңсыз төлеуден босатқан. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады.

"Күдікті үш жылдан аса уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген. Кейін Испанияда ұсталды. Қазір күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство.

Күдіктіге тағылған қылмыстар үшін мүлкін тәркілеумен қатар, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *