Қытай Канаданы бір жылдың ішінде “жұтып жібереді” - Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп Канаданы Гренландияға қатысты "Алтын күмбез" жобасын қолдаудан бас тартқаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы америкалық көшбасшы Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
"Канада Гренландияға қатысты "Алтын күмбез" салуға қарсы шығып отыр, ал "Алтын күмбез" Канаданың өзін де қорғайтын еді. Оның орнына олар Қытаймен бизнесті дамытуға дауыс берді, ал Қытай оларды бірінші жылдың ішінде-ақ "жұтып жібереді", - деді ол.
Өткен аптада Трамп Арктикада Вашингтонның қарсыластары алдында Канаданың осалдығына байланысты көмекшілеріне жиірек шағымдана бастағаны хабарлаyды. Жеке әңгімелерде президент Канада Ресей немесе Қытай тарапынан болуы мүмкін кез келген қол сұғушылықтан өз шекарасын қорғай алмайды деп, барған сайын көбірек алаңдайтынын айтқан.
АҚШ-тың лауазымды тұлғалары Ақ үй басшысы Канаданы сатып алуға ұмтылмайтынын мәлімдеді. АҚШ әкімшілігінің өкілдері Арктикада екі елдің қарулы күштері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдары бойынша канадалықтармен келіссөз жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, шенеуніктер Канаданың солтүстік шекарасына америкалық әскер орналастыру мәселесі талқыланып жатқан жоқ екенін нақтылады.
2025 жылы Трамп АҚШ-тың канадалық тауарларға тариф енгізуі мүмкін деген дау аясында отставкаға кеткен Канада премьер-министрі Джастин Трюдоны "Канада деген ұлы штаттың губернаторы" деп атаған. Кейін америкалық лидер Канада Вашингтон енгізген сауда баждарынан құтылып, әрі әскери қорғанысқа ие болу үшін АҚШ құрамына кіре алатынын айтқан.
Былтыр қаңтарда Ақ үй басшысы Израиль мыңдаған зымыранды қағып түсіру үшін қолданатын жүйеге ұқсас "Алтын күмбез" әуе қорғаныс жүйесін әзірлеу туралы жарлыққа қол қойған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
