Астанада жаңа автобус бағыттары іске қосылады
Астанада бірден үш жаңа экспресс-бағдар іске қосылады, оның екеуі "Нұрлы жол" теміржол вокзалынан қатынайды. Бұл туралы көлік кешендері бойынша оператор - City Transportation Systems мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оператордың мәліметінше, жаңа бағыттар қаланың маңызды бағыттарын қамтиды және 2026 жылғы 25 қаңтарда желіге шығады.
№506 автобус І.Жансүгіров көшесінен "Family Village" тұрғын үй кешеніне дейін қатынайды және Мәңгілік Ел даңғылы бойымен тікелей жүреді.
№507 маршрут "Нұрлы жол" теміржол вокзалынан "Жағалау-4" тұрғын үй кешеніне дейін жүреді. Бұл бағыт Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі, бұрын қоғамдық көлік қатынамаған учаскеде көлік қызметін қамтамасыз етеді.
№508 маршрут "Нұрлы жол" теміржол вокзалынан "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына" дейін қатынайды.
Компанияның айтуынша, бұл маршруттар елорда тұрғындарына жол жүру уақытын үнемдеуге және қала ішінде қозғалысты жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, 16 қаңтарда Алматыда жаңа №96 маршрут іске қосылды: Әуежай – Майлин көшесі – Бекмаханов көшесі – Шолохов көшесі – Жұмабаев көшесі – БАК бойымен – Мөңке би көшесі – "Нұркент" шағынауданы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
