Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Абайлаңыз: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

0
Полиция онлайн-танысу арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды arainfo.kz

Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында «жар іздеймін», «танысқым келеді» деген мазмұндағы жазбалар жиілеп келеді. Алайда мұндай жарияланымдардың артында қарапайым қолданушылармен қатар алаяқтар да болуы мүмкін. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Полиция мәліметінше, алаяқтар көбіне өздерін тартымды жігіт немесе қыз ретінде таныстырып, хат алмасуды белсенді жүргізеді. Қысқа уақыт ішінде ерекше көңіл бөліп, сенімге кіру арқылы жәбірленушімен эмоциялық байланыс орнатады. Кейін әңгіме қаржылай көмек сұрауға ұласады.

Алаяқтық әрекет әдетте бірнеше кезеңмен іске асады: алдымен тұрақты қарым-қатынас орнатып, сенім қалыптастырады, кейін өмірдегі қиын жағдайлар, ауру, шұғыл шығындар немесе «тиімді инвестиция» туралы айтады. Соңында ақша аударуды, оның ішінде шетелдік криптоәмияндарға немесе үшінші тұлғалар арқылы жіберуді сұрайды. Қаражат алынғаннан кейін байланыс үзіліп, жәбірленуші бұғатталады.

Мамандар экранның ар жағындағы адам бейнебайланыстан және жеке кездесуден қашса, интернеттегі дайын фотосуреттерді қолданса немесе ақша сұраса, аса сақ болуға кеңес береді.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін полиция интернет арқылы танысқан адамдарға ақша мен жеке деректерді бермеуге, жеке фотосуреттерді жібермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және сұхбаттасушы туралы ақпаратты тексеруге шақырады. Күдік туындаған жағдайда хат алмасуды дереу тоқтатып, құқыққа қайшы әрекеттер туралы полицияға хабарлау қажет.

Сообщение Абайлаңыз: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *