Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

203 миллиард теңгеден аса сомадағы қаржылық заңсыздықтар: Алматыда жүргізген аудит қорытындысы шықты

0

Алматыда бюджет қаражаты мен активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді (1 қаңтар мен 17 қыркүйек аралығы қамтылды). Қорытындыларды Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тексерудің негізгі нәтижелері

Аудит барысында 203 миллиард теңгеден аса қаржылық заңбұзушылық анықталды. Тексеру кезінде оның 26 миллиард теңгеден астамы өтелді, ал есепке алу және орындалған жұмыстар арқылы 83 миллиард теңгеден астам қаражат қалпына келтірілді. Әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар 417 дерек бойынша материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

Тексеру нәтижелері жоспарлау, басқару және бақылау жүйелерінде елеулі кемшіліктер бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, Алматының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары тиімді басқару құралы бола алмаған. Бірқатар іс-шаралар толық көлемде қаржыландырылмай, соның салдарынан жекелеген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

Жобаларды іске асырудағы мәселелер

Бюджеттік инвестициялық жобалар саны 2022 жылғы 365-тен 2025 жылы 529-ға дейін артқанына қарамастан, олардың жүзеге асырылуында айтарлықтай олқылықтар анықталды. Мәселен, 2021 жылы басталған Жас Қанат шағын ауданындағы 41 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша 7 нысан әлі аяқталмаған, ал 12 үй іргелес аумақтың абаттандырылмауына байланысты коммуналдық меншікке берілмеген.

Қалалық мобильділік басқармасы 2022–2025 жылдар аралығында тасымалдаушыларға 2,3 миллиард теңге көлемінде негізсіз субсидия төлеген. Жер қатынастары басқармасына жер учаскелерін бөлу үдерісінің ашықтығын арттыру және олардың нысаналы пайдаланылуын бақылауды күшейту ұсынылды. Бұл инженерлік және көлік инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтып, тұрғындардың әлеуметтік нысандарға қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Алматы" ӘКК қызметіндегі кемшіліктер

"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі жүйелі түрде тиімсіз деп танылды. Тұрғын үй құрылысына бағытталған шамамен 30 миллиард теңге көлеміндегі бюджеттік инвестициялар үш жылға жуық уақыт бойы игерілмей қалған. Сонымен қатар корпорация азық-түлік бағасын тұрақтандыру міндетін толық орындай алмаған, ал бюджеттік кредиттер тиімсіз пайдаланылып, қаржы құралдарына орналастырылған.

Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдары

Аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата Алматыда стратегиялық жоспарлау сапасын арттыру, активтерді басқаруды жетілдіру және бюджеттік тәртіпті күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар мен ұсынымдар әзірледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *