Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы

0

Абай атындағы Тараз қалалық орталық кітапханада жастарға арналған «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» тақырыбында пікір алмасу шарасы өтті.
Кездесуге Тараз қаласы Полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторы Қайратқызы Медина, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің полиция аға лейтенанты Ерген Балнұр Мұратқызы, №39 мектеп-гимназиясының директордың құқық жұмысы жөніндегі орынбасары Батырбаева Салтанат қатысты.
Сонымен қатар, Қазіргі заман гуманитарлық колледжі мен Тараз сервис технология колледжінің білімгерлері белсенділік танытты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауатын арттыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Өйткені жастар – елдің ертеңі, ал заңға бағынған ұрпақ – мемлекеттің берік тірегі.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері «Заң мен тәртіп – жарқын болашақ кепілі» атты кітап көрмесін таныстырды.

Сообщение Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *