Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

QazaqGaz Aimaq топ-менеджері ҰҚК тергеуіне ілікті

0

Жетісу облысындағы QazaqGaz Aimaq АҚ өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалиға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратқа ҰҚК пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болған?
Бұған дейін желіде Жетісу облысында QazaqGaz Aimaq АҚ өңірлік филиалының басшысы Айбек Ерғалидің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. БАҚ мәліметінше, оны ҰҚКД қызметкерлері ұстаған. Ерғали қандай күдікке ілінгені нақты айтылмайды.
ҰҚК пікірі
ҰҚК баспасөз қызметі Айбек Ерғалидің ұсталғаны туралы ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 21 қаңтарда Айбек Ерғали әлі де жұмыс орнында болған және газ бағасын қалыптастыру мәселелері мен төлем есептеу тәртібін түсіндірген брифинг өткізген.
QazaqGaz Aimaq АҚ - елдегі ең ірі газбен жабдықтау компаниясы. Бұл - тұтынушыларға газды тасымалдау, тарату және сату қызметімен айналысатын QazaqGaz ұлттық компаниясының еншілес құрылымы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *