Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін қазақстандық із-түссіз жоғалды - БАҚ

0

Оңтүстік Кореяда тұрмыстық тауарлар шығаратын зауытта өрт шықты. Төтенше жағдай салдарынан екі шетелдік жұмысшы із-түзсіз жоғалғандар қатарында тіркелген. Кейбір БАҚ дерегінше, олардың бірі Қазақстан азаматы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Yonhap News Agency-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайы

Жергілікті БАҚ-тың Yonhap-қа сүйенген мәліметінше, өрт 30 қаңтарда сағат 14:55 шамасында Солтүстік Чхунчхон провинциясына қарасты Ымсон уезіндегі ылғал сүрткіш пен жөргек өндіретін зауытта тұтанған. Өрт кезінде кәсіпорында 83 қызметкер болған, соның 81-і дер кезінде эвакуацияланған.

БАҚ мәліметінше, эвакуациядан кейін екі шетелдік жұмысшы хабар-ошарсыз кеткендер ретінде тіркелген: жасы шамамен 50-дегі Қазақстан азаматы және жасы шамамен 20-дағы Непал азаматы. Іздестіру жұмыстары өрт ішінара оқшауланғаннан кейін басталған.

Сонымен қатар, кейбір ақпарат көздері жоғалғандар 50 жастағы Өзбекстан азаматы және 20 жастағы Непал азаматы болуы мүмкін деген дерек таратқан.

31 қаңтарда 00:39 шамасында өртсөндірушілер жоғалғандардың бірінің денесін ғимараттың екінші қабатындағы баспалдақ маңынан тапқан. Қаза болған адамның жеке басы әзірге анықталмаған.

Өрт 21 сағаттан кейін ғана, яғни 31 қаңтарда 12:08-де толық сөндірілген. Бұған құрылымдардың опырылуы және зауыт аумағында жанғыш материалдардың көп болуы кедергі келтірген.

БАҚ жазуынша, Оңтүстік Корея билігі екінші жоғалған жұмысшыны іздеуді жалғастырып, өрттің шығу себептерін тексеріп жатыр.

Tengrinews.kz редакциясы бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Мақала жарияланған сәтте министрліктен әзірге жауап болмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *