Добавить новость
smi24.net
World News in Kazakh
Февраль
2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Астанада жаяу жүргіншілер көпіріндегі лифтте жасөспірім қалып қалған

0

Астанада лифтте қалған жасөспірімді ТЖМ қызметкерлері құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайы
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада Бараев көшесіндегі жаяу жүргіншілер көпірінде 2011 жылы туған жасөспірім жолаушылар лифтінде қамалып қалған. Оның дауысын естіген өтіп бара жатқан адам 112 нөміріне қоңырау шалған.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы кілттің көмегімен лифт есігін ашып, жасөспірімді аман-есен алып шықты.

ТЖМ ұсынымдары
ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз, мынаны ұсынады:

сабыр сақтаңыз;диспетчермен байланысыңыз;барлық түймені қатарынан баспаңыз;лифт есігін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;сыртпен байланысудың барлық қолжетімді тәсілін пайдаланыңыз.

Еске салайық, бұған дейін инженер лифт тұрып қалған жағдайда қалай әрекет ету керегі жөнінде қарапайым кеңестер айтқан.
Оның айтуынша, ең алдымен сабыр сақтау маңызды. Лифт ішінде секіруге немесе есікті өз бетіңізше ашуға болмайды. Сондай-ақ, ол бірден көмек шақырып, әр лифтте болатын "Көмек шақыру" немесе "Авариялық шақыру" түймесін басуға кеңес береді. Диспетчермен сөйлескенде үйдің мекенжайын, подъезд нөмірін және лифт тоқтаған қабатты айту қажет. Егер денсаулыққа қатысты мәселе болса, оны да көмек сұрағанда міндетті түрде хабарлаған дұрыс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!















Музыкальные новости






















СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *